BasNewsЖаңалықтар

Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды

ҚР премьер-министрінің бұрынғы орынбасары және сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды. Тиісті жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды», – делінген Жарлықта.

Бұл ретте Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Back to top button