Шымкент

Шымкент ҚПД патрульдік полиция полкінің 4,8 рота командирлері «Пара алу үстінде» ұсталды

Сыбайлас жемқорлық елдің экономикасы  мен ұлттық қауіпсіздігіне орасан зор нұқсан келтіріп қана қоймай, нарықтық экономиканың дамуына залалын тигізеді. Сол себепті онымен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына айналған. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жүргізген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің 4,8 рота командирлері «пара алу үстінде» ұсталды.

Олар қарамағындағы қызметкерлерден бірнеше жылдар бойы (2020-2021ж) 5 мыңнан 10 мың теңгеге дейін пара алды деп айыпталды.

24 шілдеде 4-рота командирі Әлімханов пен 8-рота командирі Мырзалиевке қатысты сот үкімі шықты. Олар жеті жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан айырылды. Әзірше, үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қаңтар айында тәртіптік комиссия отырысында қатардағы 40 полицей «Құқық қорғау қызметі туралы заңының 80-бабы 1 тармағы 13-14-15 тармақшаларына сәйкес; командирлерге пара бергені үшін, теріс қылық жасағаны үшін және қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Ішкі істер органдары қатарынан босатылды.

Еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең басты қауіп-қатерлерінің бірі сыбайлас жемқорлық екені барлығына белгілі. Тәуелсіз елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы 2015 жылдың 18 қарашасында қабылданып, онда сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген. Аталмыш заң, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Back to top button