Шымкент

Су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстары жүргізілді

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы Азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесіп су айдындарында жазатайым оқиғалардың алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара Тұран ауданының аумағында орналасқан Жаңаталап елдімекеніндегі шомылуға тыйым салынған орнында өткізілді.

Бадам өзенінде рейдтік іс-шараны өткізу барысында ӘҚБтК-нің 364 ба 412 бабының (_Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау_) талаптарын бұзғандығы анықталып, 1 адамға Шымкент қ. ТЖД тарапынан хаттама толтырылып айыппұл салынды.

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан аумағында орналасқан «Қара су» арнасының бойында профилактикалық рейд өткізді. Қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, арнайы даярланған жадынама парақтары таратылды. Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйелі профилактикалық рейдтер жүргізеді. Құтқарушылардың назарында тек жабдықталған орындар ғана емес, сонымен қатар шомылуға арналмаған «жабайы жағажай» орындары да бар.  Өкінішке орай, тыйым салынған орындардағы рейдтік іс-шараларда қала тұрғындарының шомылуы, демалысы, онда тақтайшалар орнатылғанына қарамастан тіркелуде.

Құқық бұзушылармен әңгімелесу барысында қауіпсіз демалу ережелері туралы еске салынды, жеке орындардың шомылуға жабдықталмағанына назар аударды, мұнда зерттелмеген және тазаланбаған орындарда   жарақат алу қаупі үлкен, сондай-ақ суда қайғылы жағдай орын алған кезде көмек кешігіп келетіндігі туралы айтылды.

Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Бадам өзенінің бойындағы жаяу өткіншілер арасында «судағы қауіпсіздік» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп арнайы ескерту парақшаларын таратты. Жаз маусымында теңізде, бассейнде, су айдынында шомылсаңыз да, ешқашан судағы қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау керектігін ескергеніміз жөн. Осы мақсатта Еңбекші ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан аумағындағы бассейн аймағы бар нысандарды аралап, балаларға суда жүзу кезіндегі қауіпсіздік және жазатайым оқиға орын алған сәтте алғашқы көмек көрсету ережелерін кеңінен түсіндірді.

Back to top button