Шымкент

Автокөлікке қысылып қалған жүргізушіге көмек көрсетілді

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне  сағат 14.30-да Сайрам тұрғын алабында Ибрагим ата көшесі бойында жол-көлік оқиғасы барысында көлік ішінде қысылып қалған адамға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен.

Жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары оқиға орнына жедел жетіп, «BMW-525» маркалы және ВАЗ-21099 маркалы автокөліктердің соқтығысқаны салдарынан ВАЗ-21099 маркалы автокөлігінде қысылып қалған 2003 жылы туған жүргізушіні авариялық-құтқару құрал-жарақтарын көмегімен босатты. Сонымен бірге жол көлік оқиғасына ұшыраған көліктерінде өртті алдын алу мақсатында аккумулятордан тоқ көздерін ажыратты.

Зардап шеккен жүргізушіні түрлі дене жарақатымен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Жол-көлік оқиғасы өртсіз болды.

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің диспетчерлік қызметінің «101» пультіне  сағат 15.24-те Әл-Фараби ауданы Төлеби көшесінде өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнында 150 ш. м. алаңда екі қабатты «Темірлан» тұрмыстық техника дүкенінің шатыры, сондай-ақ 650 ш. м. алаңда жапсарла соғылған қойма жанған. Өрттің жалпы ауданы 800 ш. м. құрады.

Өрт орнынан өрт сөндірушілер 5 газ және 1 оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 120 адамы мен 17 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Судың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін 6 адамнан тұратын қалалық коммуналдық қызметтер және 6 бірлік техника су тасымалдауды қамтамасыз етті. Психологиялық қызмет тобының психолог мамандары халыққа көмек көрсетті. Өрт сағат 16.45-те оқшауланды, сағат 17.38-де жойылды. Өрттің себебі мен материалдық залалдың мөлшері анықталуда.

Шымкент қ.ТЖД «101» диспетчерлік пультіне сағат 15:45-те Тұран ауданы, Қазыбек би көшесі бойында құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына №1 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Оқиға орнында екі қабатты тұрғын үйдің шатыры жанған. Өрт сағат 17.34_те оқшауланды, сағат 18.45-те сөндірілді.

Back to top button