Көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті
Шымкент қаласындағы Тұран ауданы, 4-ші шағын ауданындағы №17,19 көпқабатты тұрғын үйлерде сейсмикалық жаттығу өтті.
Тренингте ТЖ қаупі төнген кезде қала тұрғындарының іс-қимылдары пысықталды. Іс-шараға тұрғын үйдің 80-нен аса тұрғындары, Тұран ауданының ТЖ басқармасы мен әкімшілігі, Апаттар медицина орталығы филиалының бригадасы, өрт сөндіру бөлімдері қатысты.
Айта кетейік, Тұран ауданы аумағындағы сейсмикалық жаттығулар қалалық азаматтық қорғау жүйесінің дайындығын және өрт, жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде халықтың іс-әрекетін тексеруге бағытталған.
Қала аумағында болуы мүмкін жер сілкінісі кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындық тексерілді. Қала әкімінің үкіміне сәйкес жедел түрде дабыл бойынша жиналатын жедел ден қою жинақталған жасақтың күштері мен құралдары көтерілді. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Ж.Кәрімбаевтың басшылығымен өткен іс-шарада жасақтың құрамына кіретін қызметтерге тарсырма берілді.
Шымкентте құтқарушылар демалыс күндері халыққа қызмет көрсету жұмыстарын атқарды. Шымкент қаласының ТЖ департаменті жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары демалыс күндері 6 рет халыққа қызмет көрсету жұмыстарына шыққан. Оның ішінде 3 рет жылан аулау бойынша, 2 рет сақинаны шешу жұмыстарына шығып, 1 рет жас балаға көмек көрсетті.
Құтқару қызметінің «112» нөмеріне сағат 19.02-де Тұран шағын ауданында Новостройка көшесіндегі жеке тұрғын үйде 4 жастағы балаға көмек қажеттілігі туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 адам бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жетіп, 4 жасар ер баланың қолын ет турағыш құралы шайнап қалғаны, қолын шығарааламай жатқанын анықтады.
Құтқарушылар гидравликалық және слесарлық құралдарын қолдана отырып, ет турағыш құралды кесіп, баланың қолын темір құрсаудан босатты. Медициналық көмек қажет болғандықтан, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлеріне тапсырды.