Жазғы өрт қауіпті кезеңінде сақтық шаралары туралы қала тұрғындарына жеткізілді
Соңғы күндері күннің ысуына байланысты жарияланған дауылды ескертулерге сәйкес жазғы өрт қауіпті кезеңінде сақтық шаралары туралы қала тұрғындарына жеткізілді. Спикер Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Ысқақов сөз сөйлеп, орын алған өрт статистикасын келтірді. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 78% тұрғын үйлер (39 өрт, жалпы өрт санынан 47%) мен көліктердегі (26 өрт, жалпы өрт санынан 32%) өрт оқиғалары құрап отыр. Өрт және жану жағдайлар бойынша 208 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 174 ескерту, 34 тұлғаға жалпы сомасы 1 млн. 362 мың 750 теңге айыппұл салынды.
Аптап ыстықта қоршаған ортаның температурасы 40-45 градусқа жетеді, жалын оңай пайда болады және оны арнайы құралдарсыз, құм және суға қол жетімділік болмаған кезде сөндіру оңай емес. Бір тәулікте өрт сөндіру бөлімдері 20-30 дан аса шақыртуларға шығады. Басым көпшілігі құрғақ шөптер мен қоқыстар жанады. Олардың салдарынан шаруашылық объектілер мен тұрғын үйлерге қауіп төнуі мүмкін.
Спикер сақтық шараларды еске салып, кінәлі болып табылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғандығын нақтылады.
Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы да белсенді түрде жүргізілуде. Атап айтқанда; бүгінгі таңға 158 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода 83 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 30 мақала, теледидарда 23 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 22 сөз сөйлеу мен 42 рейдтік іс-шара жүргізілді. 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарын, сондай-ақ тиесілі аумақтарда минералды жолақтарды құру, аудан аумағындағы құрғақ шөпті ору жұмыстарын, оның ішінде аудан аумағындағы объектілер иелерінің өздеріне тиесілі объектілердің аумағында, сонымен қатар теміржол төсемдерінің бойында қажетті санитариялық жұмыстардың жүргізілуін қолға алу туралы қала әкіміне ұсыныс берілді. Бұл өз кезегінде өрт қауіпті кезең ішінде өрттің алдын алуға және материалдық шығынның азаюына алып келері сөзсіз.