Шымкент

«Жаңа күн» бағдарламасында қауіпсіздік мәселелері тікелей эфирден айтылды

«»Отырар телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында қауіпсіздік мәселелері тікелей эфирден айтылды.

Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары туралы Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қоғаныс басқармасының офицері Әуезхан Серік сұқбат берді,

Қаладағы жазғы өрт қауіпті кезеңі туралы Абай ауданы ТЖ басқармасының аға офицері Бәйдібек Әбілқасым баяндады.

Жыл басынан бері Шымкент қаласы аумағында 62 өрт тіркелді. Материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен көлік өрттеріне тиесілі.

Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.

«Шымкент қаласының ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері өмір қауіпсіздігі мәдениеті саласындағы білімдерін арттыратын еріктілер үшін тұрақты негізде оқыту жүргізеді. ТЖ қызметкерлері еріктілерді тең дәрежеде оқытуды ұйымдастырды, ол еркін қарым-қатынас жасауды және жастардың өзекті мәселелері бойынша пайдалы ақпарат беруді көздейді. Бүкіл әлемде ұлдар мен қыздар тең оқу бағдарламаларында өз еркімен жұмыс істейді. Тең оқу еріктілері достарына, сыныптастарына және басқа құрдастарына өмір мен денсаулықты сақтауға көмектесетін білім мен ақпаратты береді. Сабаққа қатысушыларға судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері, қала аумағында шомылуға тыйым салынған орындар туралы тағы да еске салынды. Оларға белгіленген ережелерді бұзғандығы неге әкелетіні айтылды. Сонымен, шомылу маусымы кезінде полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер кезінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің әр түрлі бабы бойынша 27 адам жауапқа тартылды», – деді Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Азаматтық қоғаныс басқармасының офицері Әуезхан Серік өз сұқбатында.

Өрт қауіпсіздігі мәселелері де қозғалды. Қалада қатты күн ысығандықтан, өрт сөндіру бөлімшелері тәулігіне 30-ға жуық шақыртуларға шығады. Негізінен құрғақ және қоқыс жанады. Еріктілерге осы өрттердің қауіптілігі және жазғы өрт қауіпті кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Back to top button