Шымкент

Өртті сөндірудің бастапқы құралын пайдалану тәртібі талдауға түсті

Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Нұрсұлтан Жорабек кардиологиялық орталықтың еңбек ұжымымен жазғы өрт қауіпті кезеңдегі қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелеу үшін кездесті.

Еңбек ұжымындағы профилактикалық әңгімелесуді Нұрсұлтан Жорабек аудандағы өрттермен және басқа да төтенше жағдайлармен жағдайды жеткізуден бастады, болған өрттердің мысалдарын келтірді, онда өрт қауіпсіздігі ережелеріне немқұрайлылық пен жауапкерліксіз қайғылы оқиғаларға себеп болғанын түсіндірді.

Содан кейін инспектор жас балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу және өрт туралы ерте кезеңде ескертуге қабілетті автономды өрт хабарлағышын орнатудың маңыздылығы мәселесіне тоқталды. Сондай-ақ, ол ұжымға «Дармен»ТЖ мобильді қосымшасы туралы еске салды. Өртті сөндірудің бастапқы құралын пайдалану тәртібі де талдауға түсті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, терезелерді ашық қалдырмаған, терезені тиісті қорғаусыз маса торларын пайдаланбаған жөн. Себебі, бала алдында қандай да бір кедергіні көріп, оған сенімді түрде сүйеніп, нәтижесінде, бір жастағы баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін. Бала терезеге шықпауы үшін жиһазды терезенің жанына қоймаған дұрыс. Тұрғын үй секторындағы өрттің болу себебі көбінесе балалардың қараусыз қалып отпен ойнауынан орын алып жатады. Осындай өрттерді алдын алу үшін балаға ашық от өте қауіпті. Онымен өте абай болу керек, ол үлкен зиян келтіруі және өмірден айырылуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Өрт немесе жану болмаған жағдайда және болған жағдайда бала не істеу керек, өзін қалай ұстау тиіс, соны балаларға жете түсіндіру қажет. Өте жиі өрт шыққанда бала шошып тығылып қалады. Бұндай жағдайларда бала қандай қауіп төніп тұрғанын білмегендіктен туындайды. Үрей — әрқашан қабілетті жоғалтатындығын, сабырлы және ақылмен әрекет етсе қиындықтан шығатын жол таба алатындығы жөнінде қажетті білім берілсе қандай жақсы?! Ең бастысы, егер өрт екі минуттан көп болса, онда өрт шыққан жерден тез арада кету қажет.

Back to top button