BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысында 9 ауыл жарықсыз қалды

Қарағанды облысының Шет ауданында негізгі тоқ желілері өртеніп, бір мезетте 9 ауыл жарықсыз қалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазір барлық ауылға электр қуаты берілді. Мамандар түні бойы ақауды жөндеп қалпына келтірді.

Шет ауданына қарасты Қошқарбай ауылында трансформаторлық май және оның өзге де жанғыш бөлшектері өртенген.

Жалпы 25 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға кеше түнде болды.

Салдарынан Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Талды сынды көршілес жатқан 9 елдімекен жарықсыз қалды. Өрт 1,5 сағаттан соң толық сөндірілген.

Электр желісіне жауапты компания абоненттерді өзге трансформаторларға қосып, барлық ауылға тоқ берді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

Back to top button