Шымкент

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша ұсыныстарға жария талқылау өткізілді

Аудан әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді.

Жария талқылауға, ішкі талдауды жүргізген аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі И.Шалабаев, Т.Нишанбаев және А.Кесебаева қатысты.

Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Жалпы жұмыс тобы мүшелері мен қатысушылар анықталған тәуекелдер бойынша ұсыныстарды өзектендіріп, бірқатар ұсынымдар енгізді.

«Бизнеске жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті Еңбекші ауданы Тоғыс, Маятас, Елтай тұрғын алаптарының кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қатысушыларға бизнесті қорғау және кәсіпкерлікті қолдау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтылды.

Сондай-ақ, кез келген сыбайлас жемқорлық көріністері мен кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жағдайлары туралы ақпаратты сеніп тапсыруға болатыны Агенттіктің 1424 Call-орталығы мен Департаменттің нөмірі көрсетілген жадынамалар таратылды.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарының қорытындысымен анықталған тәуекелдерді және оларды жою жөніндегі ұсынымдарды жария талқылау өткізілді. Жария талқылауға, ішкі талдауды жүргізген аудан әкімінің өкімімен құрылған жұмыс тобы және Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Өмір Шыныбекұлы қатысты.

Жиын барысында жүргізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы, сыбайлас жемқорлыққа әсерін тигізетін өзекті мәселелерді шешу бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оны жоюды және алдын алу туралы сөз қозғалды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын  да  қатты  алаңдататыны  анық.

Back to top button