Шымкент

Тұран ауданы: Заңсыз саудамен күрес жалғасуда

Тұран ауданының аумағында 6 базар және 11 сауда орталықтар орналасқан. Бүгінгі күнге дейін, Тұран аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан аудан базарлары айналасындағы ретсіз сауда орындарын жою бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мәселен, «Жабық» базары айналасындағы ретсіз сауда орындарында заңсыздықты жою, тоқтату мақсатында ретсіз сауда иелерімен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Кремль көшесінде бос жер қоршалып, сауда қатарлары көшірілді. Бұдан бөлек, «Автонұр» базарының жанында, Мақталы көшесінің бойында заңсыз сауда жасауына тосқауыл қою мақсатында заңсыз автотұрақ жойылды.

Сауда қатарларында тамақ өнімдерін саудалайтын тұлғаларға аудандық санитарлық-эпидемиологиялық сала мамандарымен апта сайын рейдтік іс-шаралары жүргізіліп, заңға сәйкес шара қолданылуда.

2023 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Шымкент ҚПД Тұран аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес, белгілінбеген орында ретсіз сауда жасағаны үшін 206 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде, 154 тұлғаға ескерту беріліп, 52 тұлғаға айыппұл салынған.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен аудандық полиция басқармасының өкілдері ретсіз сауда жасайтын тұлғаларға күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес шара көрілетіндігі ескертілуде.

Ретсіз сауда орындарының көбеюі қаланың көркін бұзып, гигиеналық және санитарлық-эпидемиялық талаптардың бұзылуына әкеліп соғады. Әл-Фараби ауданы аумағында ретсіз саудамен күрес жұмыстары тұрақты бақылауға алынып, аудандық полиция басқармасының өкілдерімен бірлесе «Орталық Қырғы базар» аумағында, Шаяхметов, Әлімқұлов, Төле би, Тәшенов көшелерінің бойында рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған тұлғаларға түсіндірме жұмыстары күнделікті жүргізуде.

Жыл басынан ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сәйкес аудандық полиция басқармасы тарапынан белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасаған тұлғаларға қатысты 465 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның ішінде 347 іске ескерту, ал 118 азаматқа айыппұл салынды.

Back to top button