Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары өтті
Еңбекші ауданының жастар ресурстық орталығы, Еңбекші ауданы әкімдігі мен Еңбекші ауданы ТЖБ қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен дала өрттеріне сақтық шараларының оқу-жаттығу жиыны мен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
№2 өрт сөндіру бөлімі ғимаратында өткен оқу-жаттығу жиынында, өртті сөндіру, техника құралдарын дұрыс пайдалану жолдары көрсетіліп, өртке қарсы құрылымдарының іс-әрекеттерін пысықтау жұмыстары өтті. Сонымен қатар, аудан аумағындағы «Тоғыс» елді-мекенінде орналасқан «Холодильник» демалыс аймағында суға шомылу кезеңіндегі сақтық пен өзгеде төтенше жағдайлар жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адамдардың өмірі мен денсаулығын, меншігін, ұлттық құндылықтар мен табиғи қоршаған ортаны қорғау. Көктем мезгілінде аудан аумағында өрттерге, әсіресе дала өрттеріне байланысты жағдай күрт қиындай түседі. Дала өрттері ауыл шаруашылығы мен қоршаған табиғатымызға үлкен шығын алып келетіні анық.
Өрттердің шығу себептері: елді мекенде ашық отты дұрыс пайдаланбау, даланың шөптес өсімдіктеріне от қойып қасақана өртеу немесе темекіні қалдығын толық өшірмей тастауы салдарынан болуда.
Орман өртінің көпшілігі орманда демалу және жұмыс кезінде өртке қарсы талаптарды бұзу адамдардың отпен байқаусыз қолданылғанынан шығады. Сондықтан осындай табиғат құбылысында кінәлілерді табу өте қиын.
Демалыс күндері осындай өрттер саны 40% көбейеді, 10-километрлік елді мекен аумақта адам көп жүретін жерлерде 93% дейін жалын болады. Елді мекеннің 20% тұрғыны орманның өмір үшін және де өндірістік қызметке деген дұрыс көзқарасын білмейді.Адамдардың көпшілігі ағаш өртінің болу себебін білмейді және өрт болған жағдайда зияны мен шығыны көп әкелетіндігіне көңіл бөлмейді. Адамдардың 40% орманда болу ережесін және отпен қалай қолдану талаптарын сақтамайды. Егер де сізде орманға бару мүмкіндігі болса сіз өрт қауіпсіздігі ережелерін білуіңіз қажет: сөнбей қалған өртті тастап кетпеңіз, жанып тұрған шылым қалдығын немесе сіріңкені лақтырмаңыз, ағаш түптерінде немесе жас талдардың қасында от жақпаңыз, әйнек немесе тез жанатын заттарды тастамаңыз.