Судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар қарқынды түрде жүргізілуде
Су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Өңірдің климаттық жағдайына байланысты судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан рейдтік іс-шараларға қарамастан жазатайым оқиғалар орын алуда.
Қала аумағында суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін 5 ресми орын белгіленген оның ішінде үшеуіне шомылуға рұқсат етілген. Олар: Тоғыс су қоймасының «Холодильник» демалыс орны, Бадам су қоймасының «Рахат Бадам», Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар қала аумағында 18 бассейн мен аквасаябақтар шомылу маусымында жұмыс істеуде.
Қала әкімдігінің қаулысымен (07.04.2023 жылғы №800) шомылу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары және құзырлы мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу жөніндегі бірлескен жоспар бекітілді. Білім басқармасына қарасты 151 мектепте судағы қауіпсіздік ережелері туралы стендтер орналастырылды.
WhatsApp әлеуметтік желілері арқылы мектептер мен балабақшалардың «Ата-аналар» топтарына жаднамалар мен бейнероликтер арқылы үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде. Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 215 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. (5245 адам қамтылды) Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
Жалпы су пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылады. Нәтижесінде Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК) бойынша 12 тұлғаға
144 900 теңгеге айыппұл салынды, ал Полиция департаментінің тарапынан 364-бабы бойынша (ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу)
12 тұлғаға ескерту берілген, 440-бабымен (қоғамдық орында алкогольдік ішімдікті ішу) 8 тұлғаға 77 625 теңге айыппұл салынған.