Шымкент

Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген

2023 жылдың 7 айында Шымкент қаласы аумағында 109 өрт тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,9%-ға өскен.

Биылғы жылы өрттен жарақат алғандар тіркелмеді, өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға төмендеген. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін 75% тұрғын үйлер мен автокөліктердегі өрт оқиғалары құрап отыр. Қалған 25 өрт немесе 27,25% өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік объектілерде және ашық аумақтарда орын алды.

Қазіргі таңда Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде 93 жоғарғы қабатты тұрғын үй есепке алынған. Жоғарғы қабатты тұрғын үйдің 25 тұрғын үйінде қызмет көрсету мекемелері микро және шағын кәсіпкер болуына және мароторий жариялануына байланысты, 68 тұрғын үйінде пәтер иелері кооперативі (КСК) құрылмағандықтан, Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталуы бойынша тексеру жүргізілмей келеді.

Осыған қарамастан, департамент қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде барлық пәтер иелеріне өрт қауіпсіздік талаптарын сақталуы туралы 70 үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жаднама парақшалары таратып келуде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Айта кетейік, жоғарғы қабатты тұрғын үйде өрт орын алған жағдайда Департаменттің қарамағында 3 бірлік Автоиінді көтергіш (Автоколенчатый подъемник), 5 бірлік автосаты (автолестница) және 1 бірлік автоцистерна-саты (АЦЛ-32), 2 дана кернеулі құтқару кілемі бар (натяжное спасательное полотно).

Көпқабатты тұрғын үйлерде жоғарғы қабаттарда өрт шыққан жағдайда  дүрбелеңге түспей, сабырлы және ұйымшыл әрекет етіп, оттың жолын жабу үшін есіктерді мықтап жабу керек. Көпқабатты тұрғын үйлерде  химиялық заттарды, жарылғыш заттар мен материалдарды, синтетикалық кілем бұйымдарын, автомобиль бөлшектерін, шиналарды, автомобиль майларын сататын дүкендерді, аулаларының аумағында шатырларды, дүңгіршектерді, шағын базарларды, павильондарды, жазғы кафелерді, өндірістік объектілерді, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, сондай-ақ автотұрақтарды қоса алғанда, кез келген сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын орналастыруға тыйым салынады.

Back to top button