Шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қаласының жекелеген аумақтық бірліктері бойынша (шағын аудан,тұрғын алабы) 2021-2025 жылдар аралығында сейсмикалық, сел, су тасқынының алдын алу бойынша жаттығулар өткізудің перспективалық жоспарына сәйкес, басқарма қызметкерлерінің ұйымдастырумен Химфарм шағын ауданы тұрғындарына, практика жүзінде оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында төтенше жағдайларды алдын алу және адам шығының болдырмау мақсатында, шомылу маусымындағы судағы қауіпсіздік тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 2023 жылы су айдындарында республика бойынша 153 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 42 бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ. Алайда, ТЖ министрлігінің №107 бұйрығының критерийына сәйкес есепке алынбайтын 7 жағдай орын алды. Олардың басым бөлігі жеке тұрғын үй ауласында құрылған каркасты бассейндерде, су айдындарынан өтетін құбырларда, суару каналдар мен субұрқақтарда орын алған.
Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы 18аквасаябақтар мен бассейіндер шомылу маусымында жұмыс атқарады. Департамент аудан әкімдіктерімен бірлесіп 2023 жылға балаларды, оның ішінде тұрмыстық жағдайы төмен жанұялардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша аквасаябақтардың иелерімен 13 меморандум бекітіп, шомылу маусымында 1500 бала жүзуге үйретіледі.
Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 215 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. (5245 адам қамтылды) Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.