Шымкент

Жастар – есірткісіз қоғамды таңдайды

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен апта басында «Есірткісіз қала» акциясы бастау алған болатын. Осы уақыт ішінде есірткі жарнамасы бар түрлі жазбалардыанықтау және жою бойынша рейд өтті.

 

Орталық қызметкерлері қала аумағында ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына есірткімен байланысты заттардың қысқаша атауларын анықтап, оны бояу жұмыстарын жүргізді.

 

Жеткіншектерді есірткі мен психотропты заттарға итермелейтін мотивтері анықтауда біз бұл мотивтер, ең алдымен, жеткіншектердің қажеттіліктеріне, психикалық жағдайларына байланысты екендігін байқадық. Психикалық тәуелділіктің қалыптасуында жеткіншектің өз қажеттілігін қанағаттандыра алмау мүмкіндігі жатады. Аффективті қажеттілік, яғни топқа қабылдану қажеттілігі – басқаларға керектігінің субъективті уайымының жоқтығы. Мұндай қажеттіліктің болуы жеткіншекті есірткі және психтропты заттарды қолдануға итермелейді және топқа ұнау функциясын атқарады. Жеткіншектің  ұмтылысы  еркіндікті  сезінуде   пайда  болады,  яғни  жеткіншек  әрқашан  алдыға ұмтылып, өз мінез-құлқының шегіне шығуға дайын болады. Жеткіншектік  кезеңнің  психологиялық ерекшелігі, атап айтқанда, өзін-өзі бағалау, құрбыларының ықпалына көну, психикалық ауру – депрессиялық синдром, маньякалды синдром және мән беру синдромының жетіспеушілігі есірткіні қолдануды ертеректен бастауға себеп болады. Есірткіге бас ұру проблемасын көпшілік әртүрлі суреттейді. Жасөспірім ерекше әсерленгіш, мінез-құлқын өзгертуге бейім, айналасындағылармен қарым-қатынасы қиындау  және  қалыптан   тыс  әсерленгіш. Өз құрбыларымен қатынасы  бірқалыпты емес,  ата-аналарымен     арасында   ұрыс-керіс, кызығушылығын сәл де болса кемітсе, бірден қарсы шығады. Қоршаған орта мен жақын араласатындардың әсері ерекше қатты, бұл кезде адамдар жақсыға да, жаманға да кінәратшыл келеді. Жас адамдардың өмір туралы тәжірибесі аз, ымырасыздығы мен алаңғасарлығы олардың үлкендер алдындағы дағдарысының пердесін жабады. Есірткіні алғаш қабылдаудың түпкі себептерінің  бірі  –  өз   құрбылары   арасында  қалыптасқан   қанағаттанғысыз  жай   топта құрметті орынға жайғасу мақсатында ол әртүрлі жолдарды іздестіреді және өз мәртебесін «шөптердің» көмегімен көтерудің жолын табады.

 

Қоғамдағы зиянды дүниелермен бірге күресейік!

 

Back to top button