BasNewsЖаңалықтар

Павлодар облысында вагондар рельстен шығып кетуі салдарынан күкірт қышқылы төгілді

Павлодар облысы Екібастұз қаласында цистерна рельстен шығып кетіп, салдарынан күкірт қышқылы төгілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД мәліметінше 28 тамызда сағат 16.40-та Әскерилендірілген темір жол күзетінің кезекшісінен Екібастұз қаласы, Екібастұз-2 станциясы, № 6 жол цистернадан күкірт қышқылының ағып жатқаны туралы хабарлама түскен. Тасымалданатын жүктің (күкірт қышқылының) жалпы көлемі 78,3 тонна (2 вагон).

“Оқиға болған жерді Полиция басқармасының, әскерилендірілген темір жол күзетінің қызметкерлері қоршауға алды. Сол жерде ЖАО, ТЖД, ҰҚК, прокуратура, ПЮ, СЭД қызметкерлері мен тасымалдаушы өкілдерінен тұратын Штаб ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта цистернадан ағуды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, қышқыл төгілген жерлерді құммен және әктермен үйіп тастау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ҚТЖ-ға 300 кг әк жеткізілді, қосымша Үшқұлын стансасынан 5 тонна әк жеткізу жоспарлануда”, – делінген жазбада.

Сондай-ақ Үшқұлын станциясынан транзиттік поезбен күкірт қышқылын жою үшін екі қышқыл цистернасын (сыйымдылығы 65 тоннадан) жеткізу ұйымдастырылыпты. Қышқылды басқа резервуарларға құю бойынша жұмыстарды жүргізбес бұрын ТЖД құтқарушылары күкірт ағып кеткен жерге таңғыш салу жұмыстарын жүргізеді.

Back to top button