29 мамырдағы сауда-саттықта доллар бағасы арзандады
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге төмендеп, 461,44 теңге болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,30 теңгені (-0,50) құрады.
Еуро бағамын Ұлттық банк 501,45 теңге, рубльді 4,87 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 460-463,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында сатылуда.
Ал 29 тамыздағы аукционда әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қараша фьючерстерінің құны 0,19%-ға өсіп, барреліне 84,03 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,20%-ға өсіп, барреліне 80,26 долларды құрады.