BasNewsЖаңалықтар
ШҚО-ның 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды
Шығыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны алғашқы жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұған дейін шығысқазақстандықтың қолында 1974 жылғы кеңестік үлгідегі паспорт болған. Алайда оны атасы жоғалтып алған екен.
«Ер адамға жеке басын куәландыратын құжатты алуға Глубоковский полиция бөлімінің көші-қон қызметі көмектесті. Олар Қазақстан азаматы екенін растайтын құжаттарды жинауға жәрдем берді. Содан кейін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін берді. Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы мен маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді ала алады» – делінген хабарламада.