BasNewsЖаңалықтар
Өскеменде ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атқан
Өскеменде ер адам тұрғын үйдің ауласында оқ атқан. Атыс салдарынан Есенберлин көшесінде қоршау орнатылған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Астана» телеарнасының хабарлауынша, 47 жастағы ер адам мас күйінде тіркелген аңшы қаруынан бірнеше рет оқ атқан.
«Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынды. Зардап шеккендер жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның егжей-тегжейі анықталып жатыр.