BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда электрлі самокаттардың қозғалысына арналған заң күшіне енді

Қазақстанда электрлі самокаттардың қозғалысына арналған заң күшіне енді. Енді мұндай көліктерді 16 жасқа толғандар ғана жүргізе алады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.

Ережеге сай енді самокаттар веложолды пайдалануы керек. Ал мұндай жол жоқ аймақта тек жүріс бөлігінің оң жақ шетімен жүру керек. Тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен қозғалған кезде электрлі самокаттарға сағатына 6 километрге дейін жылдамдатуға рұқсат етіледі. Жалпы, максималды жылдамдық сағатына 25 шақырымнан аспайды. Ал каска мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы міндетті.

Айта кету керек, жыл басынан бері елде электросамокаттардың қатысуымен 11 жазатайым оқиға тіркелген. Соның салдарынан 1 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды.

“Кез келген санаттағы жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарғаны үшін самокаттар мен мопед жүргізушілері жауапкершілікке тартылып, көлік айыппұл тұрағына орналастырылады. Жүргізуші 16 жасқа толмаса, тұрғылықты жері бойынша жеткізіледі. Мұндай жағдайда жүргізушінің ата-анасы жауапқа тартылатын болады”, – деді Астана қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Мұрат Сәрсенбеков.

Back to top button