Бүгінгі саудада доллар арзандады
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,83 теңгеге төмендеп, 459,69 теңге болғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 63,20 теңге (-0,10) болды.
Еуро бағамын Ұлттық банк 498,96 теңге, рубльді 4,83 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар – 458-462 теңге, еуро – 498,5-503,5 теңге, ресей рублі – 4,71-4,91 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 31 тамыздағы саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің құны барреліне 0,14%-ға өсіп, 85,36 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың қазандағы фьючерстері 0,22%-ға өсіп, барреліне 81,81 доллар болды.