BasNewsЖаңалықтар

Ерғалиев Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Әсет Ерғалиев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ерғалиев 2022 жылдың 6 қаңтарынан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін басқарып келген.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Әсет Ерғалиев 1986 жылы туған. Алматыдағы менеджмент, экономика және болжамдау институтын, Швецияда халықаралық бизнес мектебін бітірген. Сонымен қатар Йорк университетін бітіріп, экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Бұдан кейін. Ноттингем университетін тәмамдаған.

Ол әр жылдары ұлттық экономика вице-министрі, премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ұлттық экономика министрі қызметтерін атқарған.

Back to top button