Коронавирустың жаңа штамы өршіп келеді – ДДСҰ басшысы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың EG.5 D-19 штамы өршіп келе жатқанын ескертті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Еuronews-ке сілтеме жасап.
Кеше Женевада сөз сөйлеген ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус солтүстік жарты шарда қыс мезгілі алдында «алаңдайтын үрдістер» байқалып отырғанын айтты.
Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім артып келеді, ал Еуропада коронавирустың осы нұсқасын жұқтырып, қарқынды терапия бөліміне түскен науқастар саны өсіп, бірқатар аймақта ауруханаға түскендер саны көбейген.
Ұйымның COVID-19 вирусымен күрес жүргізу жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове «бұл нұсқа айналымдағы басқа штамдарды ығыстырмайтынын» және бұл жағдай ұйымды қатты алаңдатып отырғанын айтты.
Гебрейесус «COVID-19 вакцинасының дозасын алмаған адамдар арасындағы иммундау деңгейінің төмендігі – үлкен проблемалардың бірі» екенін атап өтті.
«Егер сізге вакцинаның қосымша дозасын алу ұсынылса, тартынбаңыз», – деп қосып өтті ДДСҰ басшысы.