BasNewsЖаңалықтар
15 қыркүйектегі саудада доллар қымбаттады
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,15 теңгеге қымбаттап, 467,29 теңге болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 64,21 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Еуро бағамын Ұлттық банк еурода – 500,07 теңге, рубльді – 4,85 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 464,5-467,5 теңге, еуро 498-502 теңге, ресей рублі 4,73-4,93 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал 15 қыркүйектегі саудада әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
ICE Futures электрондық саудасында қарашадағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,46%-ға өсіп, барреліне 94,13 доллар болды.
NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,49%-ға өсіп, барреліне 90,60 доллар болды.