BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінді

19 қыркүйекте Алматы облысында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СТӘЭ» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 19 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 06:57:32-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 149 км жерде, Кеген ауданының аумағындғы Алғабас ауылынан 58 км жерде таулы аймақта орналасқан..

Сейсмологтар сезілгені туралы мәліметтер жоқ екенін айтты.
  • Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 10.3.
  • MPV магнитудасы: 4.6.
  • Эпицентрдің координаттары: 43.29° с. е. 78.74° ш. б.
  • Тереңдігі: 20 км.

Осыған байланысты Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібін еске салды:

  • ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
  • егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
  • ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
  • ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
  • үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
  • жеделсатыны пайдаланбаңыз;
  • сіріңке, шам жақпаңыз:
  • сымдарды ұстамаңыз;
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Back to top button