BasNewsЖаңалықтар

Астанада 53 жастағы әйелдің денесі табылды

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің ауласынан 53 жастағы әйел өлі табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 19 қыркүйекте зорлық белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

«Марқұмның жеке басы анықталды. Ол – 53 жастағы астанамыздың тұрғыны. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Back to top button