Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам мерт болды
Атырауда Жайық өзенінің үстінде екі қайық соқтығысып, бір адам мерт болды. Тағы біреуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға бүгін, 20 қыркүйек сағат 07:00 шамасында болған.
«Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылының тұсында Жайық өзенінде екі қайық соқтығысты. Соның салдарынан 50 жастағы ер адам ауыр жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді. Ал, 1974 жылғы ер адам оқиға орнында қайтыс болды. Екі қайықты жүргізген 1992 және 1988 жылғы азаматтарда су көлігін басқаруға рұқсат қағазы бар болып шықты», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.