ЖаңалықтарШымкент

Өрт сөндірушілер дер кезінде халыққа көмекке келді

Жауын-шашынның салдарынан үйлердің аулалары мен көшелерді су басып, өрт сөндірушілер дер кезінде халыққа көмекке келді.

Қала тұрғыны атқарылған жұмыстарға өз ризашылығын білдірді.

«ҚАЗГИДРОМЕТ» орталығының мәліметіне сәйкес Шымкент қаласының аумағында 2023 жылғы 30 тамызда таңертең және күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын екпіні 15-20 м/с жел соғатыны туралы дауылды ескерту жарияланған еді.

Осы ретте қала аумағында 30-31 тамыз аралығында авариялық-құтқару жұмыстары атқарылды. Желдің екпіні 15 м/с дейін болуы салдарынан 30 тамызда сағ. 15.22-де Шымкент қ., Әл-Фараби ауд., №17 м.а., №7 үйдің шатырындағы профнастил материалы ажырап, тұрғындарға құлау қаупін төндірген. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерімен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс атқарылып, профнастил қауіпсіз жерге алынды.

Жауаған жауын-шашынның салдарынан 31 тамызда сағат 00.07-ден сағат 08.05-ке дейін үйлердің аулаларынан, көшелерден су тарту жұмыстары жүргізілді. Бұл бағытта Абай, Қаратау, Тұран аудандарынан 5 шақырту орын алып, тиісті жұмыстар атқарылды. Жалпы 504 м3 су шығарылды.

Шымкент қ.ТЖ департаментінен 30 адам, 9 техника, 10 мотопомпа жұмылдырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы аумағындағы 27-28 тамыз күні су шығару жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстарға келсек, қала аумағында 2023 жылғы 27-28 тамызда ТЖ департаментінің жеке құрамы жалпы 8 мекенжай бойынша су шығару жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде 367 м3 су шығарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстарға ТЖ департаментінің 12 техникасы, 11 мотопомпа және 37 адам жеке құрам жұмылдырылды.  Абай ауданы бойынша жалпы 5 мекенжайда 310 м 3 су шығарылды.  Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 1 мекенжайда 2 м3 су шығарылды.  Еңбекші ауданы бойынша жалпы 1 мекенжайда 10 м 3 су шығару жұмыстары жүргізілді. Қаратау ауданы бойынша жалпы 1 мекенжайда 25 м3 су шығарылды.  Тұран ауданы бойынша жалпы 2 мекенжайда 20 м3 су шығарылды.

Шымкент қ.ТЖД жеке құрамы толық дайындыққа келтіріліп, күшейтілген режимде жұмыс атқарды. Алдағы уақытта ауа райының өзгеруіне байланысты болуы мүмкін төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы мен техникасы дайындыққа келтірілген.

 

Back to top button