ЖаңалықтарШымкент

Қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шара өтті

 «Оңтүстік» шағын ауданы тұрғындарына қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шара өтті.

Сала мамандарының қатысуымен Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және № 34 Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері қатысты.

Аталған жиын тәрбиелік мәні жоғары отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету тақырыбы аясында өтті.

Түсіндірме жұмысы барысында отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, қоғамдағы келеңсіз мәселенің өзектілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу форматында өткен іс-шарада қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері бойынша сұрақ-жауаппен ұласып, ұсыныс-тілектер назарға алынды. Сондай-ақ концерттік бағдарлама, психологиялық тест жүргізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Ж.Ташенев университетінде гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған қызбалалар арасында өткізілетін кездесу орын алды. Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Қоғамдағы қыз баласының жағдайы ұлт болашағының көрінісі. Қызының құқығы тапталған, ар-намысы сақталмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр. Бүгінгі қыз ертеңгі ұрпақтың анасы, тәрбиешісі. Ендеше қызымызды еркін әрі есті етіп өсіру ертеңіміздің жарқындығына кепіл болмақ. “Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі” атты кездесу өте өзекті әрі маңызды мәселелерге арқау болды. Кездесу барысында спикер ретінде Шымкент қаласы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы Эльеонора Ағабекқызы, №11 қалалық емханасының гинекологі Егизбаева Айжан Нурлановна, №3 қалалық емханасының психологы Избасарова Алия Ансагандыковна, Шымкент қалалық полиция департаменті Жергілікті полиция қызмет басқармасының Еңбекші аудандық әйелдерді қорғау аға инспекторы полиция аға лейтенанты Төребай Әсел Ермаханқызы баяндама оқыды.

Back to top button