Ана тағдыры-ұлт тағдыры
«Көмек» дағдарыс орталығы– өмірде қиындыққа тап болған, түрлі жастағы аналардың амалсыздан паналайтын жері. Мұнда кәмелетке толмаған қыздардан бастап, түрлі жасқа дейінгі келіншектер уақытша тұрақтай алады. Олардың бірінен ата-аналары, кейбіреуінен туыстары бас тартқан. Осылайша тағдырдың тауқыметіне ұшырап, қорғансыз қалғандар, көмек сұрауға мәжбүр. Оларға, дер кезінде психологиялық, рухани қолдау көрсетілмесе, өмірден түңіліп, күйзеліске түсуі мүмкін. Ал кей кездері өзіне- өзі қол жұмсайтындар да табылады. Сондықтан, уақытында тиісті сала мамандары жұмыс жасау қажет.
Осыған орай, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала» тақырыбы аясында дәрігерлердің қатысуымен профилактикалық іс-шара жүргізілді.
Мұнда жас аналарға психологиялық, әлеуметтік және медициналық кеңестер берілді. Кездесуде сала мамандары ана мен балаларды жеке қабылдап, ой-пікірімен бөлісті.
Кеңеске психолог Хамидуллаева Айгерім, әйелдер дәрігері Ескараева Замира, эрготерапевт Шопаева Жадыра, социолог Асылханова Айгерім мен балалар дәрігері Анарметова Наташа қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін де “Дағдарыс” орталығында түрлі тақырыптарда, ана мен балаға қатысты, кездесулер ұйымдастырылған болатын.
Сондай-ақ, «қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» тақырыбында Tashenev University-нің студент қыздары арасында кездесу өтті. Жиналысқа оқу ордасының 1ші курс студенттері қатысты. Аталмыш шарада мамандар қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріліп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін айтып, кеңестерін берді.
Қыздар арасындағы ерте жүктіліктің салдары, денсаулыққа зияны, өмірге қауіптілігі туралы ауқымды әңгіме жүргізіліп, қыздардың жеке бас гигиенасы, тазалығы жайлы түсіндірме жұмыстары жасалды.
Қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді. Қатысушы қыздар саны 100 ден аса.