Нашақорлық және репродуктивті денсаулық сияқты өзекті мәселелер бойынша жастарға кеңес беру дағдыларымен танысты
«Мемлекеттік жастар саясаты мектебі» жобасының кезекті толқыны Ақтау қаласында жалғасын тапты. Жастар ресурстық орталық қызметкерлеріне 3 күндік семинар-тренинг ұйымдастырылып, Қазақстанның 12 өңірінен келген жас мамандар тәжірибе жинақтады.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар лудомания, нашақорлық және репродуктивті денсаулық сияқты өзекті мәселелер бойынша жастарға кеңес беру дағдыларымен танысты.
Нашақорлық – қоғам проблемасы. Жалпы, «нашақорлыққа әуестік неден туындайды?»-деген сұрақты кеңінен талқылады. Жасыратыны жоқ, нашақорлыққа көбінесе жастар шалдығады, алайда бүгінгі күні ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Жастар арасындағы есірткіге әуестік көбінде білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне сенгіш келеді. Өздері жас болғандықтан, қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне үлкен адамның ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жан дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Нәтижесінде есірткіге организмнің тәуелділігі қалыптасады.
Оны тоқтатпасақ та, азайтудың жолы бар ма? Емі дегендей… Өзіңіз сияқты психолог немесе дәрігерлер емдей ала ма?
Нашақорлықты алдын-алудың ең тиімді жолы – отбасындағы тәрбие құндылығын арттыру. Отбасының іргесі берік болса, балалар мен жасөспірімдердің сыртқы ортаға алаңдаушылығы азаяды.Жүйелі емдеу шараларын жүргізу арқылы медициналық жолмен нашақорлыққа салынған науқасты толық емдеуге болады. Ол үшін науқастың жазылуға деген үлкен сенімі болуы тиіс. Ал, психолог мамандар науқастың ішкі күйімен жұмыс жүргізеді. Нашақорлық – ең алдымен психикалық дерт. Сондықтан, медициналық жолмен қатар науқасқа рухани қолдау беру арқылы жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Нашақорлықпен айналысатын адамдар мәжбүрлеп, кейде бақыланбайтын, өздерінің таңдаған препараттарына тәуелді. Әдетте, оларды пайдалану нәтижесінде теріс салдарға тап болғанына қарамастан, есірткі іздеуге және пайдалануға тырысады.