ЖаңалықтарШымкент

Өрт қауіпті кезең басталғалы орман алқаптарында 1 өрт тіркелді

Өрт қауіпті кезең басталғалы орман алқаптарында 1 өрт тіркелді өткен жылмен салыстырғанда 100%-ға өскен (2022ж.–0 өрт), 1 өрт 20 га бидай алқаптарында орын алды өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз, (2022 ж.–1 өрт). Материалдық шығын 3 млн. теңгені құрады.

Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету  жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.Сонымен қатар, жоспарлы іс – шараларды өткізу шеңберінде қалалық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия 2 отырысы өткізілді, тиісті мекемелерге тапсырмалар берілді. Барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығу, 1 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

Ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілді, оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 53 км, жергілікті автомобиль жолдарының бойында – 320,2 км, орман алқаптарында – 300 км және егіс алқаптарының айналасында – 402,1 км

Департамент тарапынан орман қоры аумағында және басқада табиғи және техногенді төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарымен аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргу практикада қолға алынған. Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника (негізгі – 5, арнайы – 4, қосалқы – 4) және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.

Күнделікті орман және дала өрттеріне мониторинг, профилактикалық, рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, халықтың, орман және шаруа қожалықтарының қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстары белсенді түрде атқарылуда, бұқаралық ақпарат құралдарында үгіттеу шарасы жүргізілуде. Бүгінгі таңға 335 үгіттеу шарасы жүргізілді, оның ішінде радиода
157 сөз сөйлеу, баспа басылымдарында 70 мақала, теледидарда 36 сұхбат беріліп, әлеуметтік желілерде 72 сөз сөйлеу.

Өрт қауіпті кезеңде ауарайының +39 градустан аса көтерліуінен «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түсіп отырады. Жанған құрғақ шөптер жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндірді.

Back to top button