Жылыту маусымының өту кезеңінде өрт қауіпсіздікті қамтамасыз ету
2023-2024 жылдардағы жылу беру маусымы кезіңінде жергілікті атқарушы органдардан газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306 бабына сәйкес 76 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалпы соммасы 941 мың 620 теңгеге айыппұл салынды.
Өткен кезеңде тіркелген адам өлімі мен жарақаттануы, осы жағдайлар көрсеткендей, бұл адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін жиі елемеуін көрсетеді (мас күйінде темекі шегу, балаларды қараусыз қалдыру, балалардың отпен ойнауы және т.б.), сондықтан департамент қызметкерлерімен үгіт материалдарын таратумен және нұсқаулар берумен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Осыған орай, өткен кезеңнің тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Әр үйге қауіпсіздік» бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жаппай хабарландырумен акциялар жүргізілген.
Акцияларды жүргізу барысында алдын алу шаралары ретінде 46907 үй аралаумен қамтылып, 146464 тұрғындарға нұсқама берілді, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 1455 (отбасы) үйіне баруымен 5164 тұрғындарына түсіндірме жұмыстары мен нұсқама таратылды. Ал, Жатақхана акциясының нәтижесінде 37 жатақаханың 3862 тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіліп жадынама парақшалары таратылды. Қазан, қараша айларында «Улы газдан сақ болыңыз» және «Әр үйге қауіпсіздік» акциялар ұйымдастырылып қала аумағындағы тұрғындардың үйлерін аралап, 37894 адамды қамтыған 6627 үйге түсіндіру жұмыстары жүргізілді, Сондай-ақ өртке қарсы мәдениетін арттыру үшін 12300 адамды қамтыған 233 жиын ұйымдастырылды және оқу орындарында 5635 оқушы мен оқытушыны қамти отырып 36 интерактивті сабақ өткізілді.
Департамент, мүдделі мемлекеттік органдары және қала әкімдігімен бірлесіп Жылыту маусымының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2 отырысын өткізді.Сонымен қатар, азаматтық қорғау қызметкерлерімен бұқаралық ақпарат құралдарында 817 үгіт-насихат жұмыстары жарықтандырылды (оның ішінде 96 газет басылымы, 96 сұхбат беру, 625 радиода сөз сөйлеу).