Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктер көрсетілуге жатады
Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.
Ал құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүліктер көрсетілуге жатады.
Мүліктің тізбесіне:
– жылжымайтын мүлік;
– жер учаскелері және (немесе) жер үлестері;
– әуе және теңіз кемелері;
– ішкі суда жүзу кемелері, «өзен–теңіз» суларында жүзу кемелері;
– көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер жатады;
Сонымен қатар, барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төменгі есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктердегі банк шоттарындағы ақша.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы және (немесе) одан тыс жерлердегі мүліктер туралы:
– тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлес;
–Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
– бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы орындалатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
– инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері сияқты деректерді көрсету қажет;
– Сондай–ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация табыс етілген жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерішегінен аспайтын сомадағы қолма–қол ақша көрсетіледі;