ЖаңалықтарШымкент

Өндірістегі құжаттардың 99% жеке сот орындаушыларының орындауында

Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 141 жеке және 9 мемлекеттік сот орындаушы қызметтерін атқаруда. 2023 жылдың 6 айында Сот орындаушыларында болған 444 360 атқарушылық құжат бойынша өндірілуге жататын сомманың көлемі  2 трил. 212 млрд. теңгеден асып отыр.  Оның ішінде 142 433 өндіріс 907 млрд. теңгеден астам сомаға аяқталған, 78 457-нің талаптары нақты орындалып, 7,2 млрд. теңгеден астам өндірілді.

Заңнамада мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттері нақты белгіленгендіктен, өндірістердің басым бөлігі, яғни  99%-ы жеке сот орындаушыларының орындауына түскен.

Заңсыз салынған құрылыстарды бұзу, үйден (жайдан) мәжбүрлеп шығару, басқа да мүліктік емес сипаттағы жалпы 2 654 атқару құжаты орындауда болып, 1 139 бойынша өндірістер аяқталған, қалдықта 1 515 құжат орындалуға жатады.

Азаматтық хал актілерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» басқаруына берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне 2022 жылғы 14 шілдеде бірқатар өзгерістер енгізілді. Өзгерістердің ең маңыздысы, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап АХАТ функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының» басқаруына берілді. Аталған Кодекске сәйкес, енді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік корпорация көрсетеді.

Бұдан басқа осы уақытқа дейін, Департаментке әділет органдарының бұрын берілген функциялары бойынша азаматтардың өтініштері келіп түсетінін атап өткен жөн, мысалы: жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, бұл функцияларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен  2018, 2019 жылдардан бері жүзеге асырады. Әділет органдарының құзіретіне аталған функцияларды бақылау және әдістемелік көмек көрсету кіреді.

Back to top button