BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда тұрғын үй өртеніп, 20 жастағы әйел мен екі бала қаза тапты

Петропавл қаласында жанып кеткен жекеменшік үйден әйел мен екі баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 25 қыркүйекте кешкі сағат 21:35-те жекеменшік үйдің жанып жатқаны туралы шұғыл ақпарат түсті. Құтқарушылар оқиға орнына бес минуттың ішінде барды.

«Ол кезде ағаш үй толығымен отқа оранды. Өртті сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды», – дейді құтқарушылар.

Жанып кеткен үйде 20 жастағы әйел мен оның екі баласы болған. Біреуі 5 жаста, а екіншісі былтыр ғана дүниеге келген.

Құтқарушылар өртті сағат 22:36-да өшірді. Тілсіз жау 19 шаршы метрге шарпыды. Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр.
Оқиға орнына облыс басшылығы да барды. Төтенше жағдайлар мен полиция департаменттерінің басшылары келді. Құтқарушылар мен полицейлер биыл маусым айында дәл осы тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Жергілікті билік қаза тапқан адамдардың отбасына көмек көрсетеді.

Back to top button