Вьетнамда маймыл шешегі адамнан адамға жұққан
Вьетнамда маймыл шешегі адамнан адамға жұққан. Екі науқас та карантинге жабылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі VNExpress сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы вьетнамдық ерікті 17 қыркүйекте өзін нашар сезінген. Ода қалтырау, тершеңдік, жыныс мүшелері аймағында қышу және жаралар пайда болды. Ер адам жеке клиникада емделген, жағдайы жақсармағандықтан, Хошимин дерматологиялық ауруханасына барған. Тексеруден кейін оған маймыл шешегі диагнозы қойылды.
Ұқсас белгілер 22 жастағы қызда да анықталған.
Ерлі-зайыптылар карантинге жабылды, олардың үйлері мен жақын маңдағы аумақтары дезинфекцияланды.
Дәрігерлер бұл маймыл шешегінің адамнан адамға жұққанын елдегі алғашқы жағдай екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Вьетнамда маймыл шешегіне қарсы вакцина немесе арнайы ем жоқ, тек шешекке қарсы вакцина бар.
2022 жылы маймыл шешек дерті АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Бельгия, Таиланд, Үндістан, Испания, Австралия сияқты елдерде көбейіп кетті. Бүгінгі таңда бүкіл әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 90 мыңнан асады. Негізінен бұл аурумен дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы ер адамдар ауырады.