Жетісу облысында мемлекеттік сатып алуға байланысты 70-тен астам шенеунік жазаланды
Жетісу облысында үш миллиард теңгеден астам сомаға мемлекеттік сатып алу жасалған. Прокуратура оның күшін жойды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
Облыс прокуратурасының хабарлауынша, мемлекеттік органдар өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарын негізсіз көтеріп, міндетті мемлекеттік сараптамасыз автожолдар салуға конкурстар жариялаған.
«85 миллион теңгелік сатып алулардың алдын алынды, мемлекеттік органдар негізсіз пайда таппақ болған. Алакөл ауданында прокуратураның қадағалау актілері бойынша 10 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, олардың ішінде төрт ауылдық округ әкімі бар», – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың 74 лауазымды тұлғасы ӘҚБтК-нің 207-бабы «Мемлекеттік сатып алуды бұзу» бойынша жалпы сомасы 13 миллион теңгеге айыппұл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.