BasNewsЖаңалықтар

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,5%-дан 16%-ға дейін төмендетті. Мұндай шешім ақша-несие саясаты жөніндегі комитеті отырысының қорытындысы бойынша қабылданды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Жылдық инфляцияның баяулау қарқыны жоғары. Сыртқы инфляциялық қысым орталық банктердің тежеу саясаты мен азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі аясында біртіндеп төмендеп келеді. Дегенмен назар аударуды қажет ететін жекелеген факторлар мен тәуекелдер бар. Фискалдық ынталандыру, орнықты ішкі сұраныс және жоғары инфляциялық күтулер – инфляцияның ішкі факторларына жатады. Реттелетін бағалардың көтерілуінен болған қайталама әсерлерден тәуекел күшейді. Олар бұрын теңге бағамының динамикасымен өтелген болатын», – деп түсіндірді Ұлттық Банкте.

Реттеуші банктің баспасөз қызметі 2023 жылы оны одан әрі төмендету мүмкіндігі айтарлықтай шектеліп отырғанын хабарлады. Жыл соңына дейін ақша-кредит саясатын жеңілдету жылдық инфляция бір мәнді деңгейге дейін баяулаған жағдайда қаралатын болатыны мәдімдеді.

“Геосаяси жағдайдағы белгісіздік – сыртқы секторда бағаның болашақ өсуін қалыптастыратын тәуекелдердің негізгі көзі. Тәуекелдерге Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі мен «Астық мәмілесін» жаңғыртпаудан азық-түліктің әлемдік бағасының ықтимал өсуі жатады. Ақша-кредит талаптарының ұстамды қатаң сипаты 2023 жылдың қорытындысы бойынша болжамды дәліздің төменгі шекарасына 10-12% жақын инфляцияны одан әрі төмендетуге, сондай-ақ оны ортамерзімді келешекте 5%-дық мақсатқа жақын тұрақтандыруға ықпал ететін болады. Ұлттық Банк ықтимал ауытқуларға уақытылы жауап беру үшін жылдық инфляцияның нысанаға келу траекториясын қадағалайды”,-делінген хабарламада.

Айта кетсек, базалық мөлшерлеме – елдегі орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни Ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді, депозитке де осы мөлшерлемемен қабылдайды.

Back to top button