BasNewsЖаңалықтар

Ауғанстандағы жер сілкінісінен 120 адам көз жұмған

7 қазанда Ауғанстанның батысында жер сілкінісі болды. Биліктің айтуынша, көп адам әлі үйіндінің астынан шығарылмаған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған үлкен жер сілкінісінен кем дегенде 120 адам қаза тауып, мыңнан астамы жарақат алған.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметі бойынша, 7 қазанда аймақта магнитудасы 6,3 жер сілкінісі тіркелді. Эпицентрі Герат қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде, одан кейін бірнеше жер сілкінісі болды.

Түркіменстандағы Ашхабад тұрғындары да дүмпулерді сезген.

Back to top button