Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның басым бөлігінің тұрғындарына 9 қазанда ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді. Бірқатар өңірлерде қатты жел соғады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Облыс орталығында және солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде.
Ақмола облысында да желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 23-28 м/с, Көкшетауда жел 23 м/с жетеді. .
Ақтөбе облысының басым бөлігінде желдің екпіні 17-22 м/с, Ақтөбе қаласында 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде және солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с жел соғады, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында екпіні 25 м/с жетеді. Ақтауда түнде найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел облыстағыдай, 25 м/с.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде және батысында жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні 23-28 м/с, Петропавлда 25 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында түнде қатты жаңбыр жауады. Жел 15-20 м/с күшейеді. Оралда да желдің екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысының басым бөлігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда желдің жылдамдығы 18 м/с-қа дейін жетеді деп болжануда.
Қостанай облысының оңтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, жел 25 м/с күшейеді. Қостанай қаласында екпінді жел 15-20 м/с жетеді.
9-10 қазанда солтүстікте, батыста, оңтүстікте, Түркістан облысының шөлейт аймақтарында және Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.