BasNewsЖаңалықтар

Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатты

Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі.

«Қарауыңызға Мемлекет басшысының Сембек Баймаханов, Өміртай Ибраев және Ұлболсын Сүлейменованың отставкаға кетуіне байланысты Жоғарғы Сот судьялары лауазымынан босату туралы ұсыныс енгізілді. Барлық судья зейнеткерлік жасқа жетті, 28-37 жас аралығында судьялық жұмыс тәжірибесі мол. Судьялар қауымдастығында лайықты беделге ие. Сізден қолдау сұраймыз», – деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп депутаттарға.

Сенаторлар судьяларды қызметінен босатуға дауыс берді.

«Әріптестеріміз өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарды, алдағы қызметтеріне сәттілік тілейміз», – деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Back to top button