BasNewsЖаңалықтар

Шымкент мәдениет басқармасының басшысы күдікке ілінді

Шымкент мәдениет басқармасының басшысы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды basnews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді», – деп хабарлады агенттік.

Ведомствоның мәліметінше, соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Back to top button