ЖаңалықтарШымкент

Бір әулеттен 30-ға жуық офицер шыққан

Миллионнан астам тұрғыны бар шырайлы Шымкент қаласында Өмірзақовтар дейтін үлкен әулет бар. Бұл ұрпақтан тараған ер азаматтар қарулы қызметті атадан балаға аманаттап, елге адал қызмет етіп келеді. Бүгін де, осы әулеттен 30-ға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері шыққан.

Бар ғұмырын ел тыныштығын, халық қауіпсіздігін сақтау жолына арнап, тынымсыз еңбек еткен милиция полковнигі, Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері Батырхан Өмірзақов осы династияның бастауы.

Ол ІІО-да 1958-1991 жылдар аралығында қызмет атқарған. «Өлеңім, сырым менің, шыным менің», «Тарихқа тағзым», «Өткен күндерден қалған іздер», «Қанағат болған өлшемім» атты жеті бірдей кітаптың авторы.

Бұдан бөлек, Өмірзақ атадан тараған тағы 25 азамат халқымыздың тыныштығы жолында аянбай қызмет атқарды, атқарып келеді, болашақта да атқара береді деп сенеміз.

Бүгін де осы әулеттен шыққан ардагер ағаларымыз бен қызметтегі әріптестеріміз полиция департаментіне арнайы келіп, музейдегі тарихқа көз жүгіртіп, көненің көзіне айналған жәдігерлермен танысып қайтты.

Әлемде көптеген мамандық бар. Бүгін біз маңызды мамандықтардың бірі әскери қызметкер туралы сөз еткіміз келеді. Жалпы әскери тәртіп бойынша маман атану бүгінгі таңда қаншалықты маңызды? Әскери оқу орнын бітіру арқылы қандай лауазымға ие бола аласыз? Осы туралы әңгімемізді өрбітіп көрелік.

Офицер ең алдымен Отан қорғаушы, ел жағдайын ойлайтын бірден-бір азамат. Ана баласы үшін барлығын жасайтындай, офицер де елі үшін отқа күйетін жан.– Офицер қандай болу керек?

– Офицердің ең басты қасиеті – жауапкершілік. Офицерге үлкен ауыртпашылық түседі. Өз отбасын алысқа тастап, әскери өмірді таңдап, өз Отанына қызмет ететін адам. Тіл табысу қабілеті, өз-өзіне сенімді болу керек және әр айтқан сөзінің жаны болу қажет. Өзіне берілген рота, взвод сарбаздарын басқара біліп, ұрыс тактикаларын жетік меңгеруі тиіс.

– Офицерлерге мемлекет қандай қолдау көрсетеді?

– Елге қызмет етіп жатқаннан кейін, әрине, мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Мәселен, тұрып жатқан пәтерімізді төлеу үшін мемлекеттен қаржы бөлінеді. Бұл әскери қызметкерлердің өмірін біраз жеңілдетеді. Сонымен қатар, өздеріңіз білесіздер әскери қызметкерлер зейнетке ерте шығады. Бұл да Отан қорғаушыларға көрсетілетін қолдау.

 

Back to top button