ЖаңалықтарШымкент

Шымкентте ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйел іздестіріліп жатыр

1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен. Ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан.

ҚР ҚК-нің 190-бабы 4- бөлігі бойынша тіркелді.

Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен.

Суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Бұдан бөлек, жергілікті тұрғын ақша табу жолында екі азаматқа оқуға бармай жоғарғы оқу орнының оқуын оқығаны туралы диплом құжатын алып беруге және оқу кезеңінде болатын емтихандарды тапсырмай өтуіне көмектесе алатынын айтып, сенімдеріне кірген. Осылайша жастардан 100 мың теңге және 70 мың теңге қолма-қол алған.

Кейіннен оқу жылдары аралығында емтихандардан өту үшін жәбірленушілерден бөліп-бөліп, әрқайсысынан 800 мың теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Білікті мамандардан құрылған тәртіп сақшылары шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, куәгерлерден жауап алып, ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде, жедел уәкілдер оқу орнының бұрынғы қызметкері болған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өз ісін толығымен мойындады.

Қылмыстық іс дәлелденіп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағында (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Шымкентте интернет алаяқтық дерегі 48 пайызға жоғарылаған. Ғаламтор арқылы алданғандардың басым бөлігі жұмыссыздар. Шымкентте прокуратура мамандары сондай алаяқтардың жұмыс схемасын анықтап, күдіктілерді қамауға алған. Халықтың тонаған техник мамандар тіпті ұрлаған ақшасын шетел асырып үлгерген.

Back to top button