Шымкент

Адам саудасы және онымен күресу

Шымкентте адам саудасының алдын алу бойынша іс-шаралар науқаны бастау алды. Басты мақсат – адам саудасының алдын алу, аталған қылмысқа қарсы күресті күшейту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Республика көлемінде «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Адам саудасының алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған маңызы зор шараға Шымкент ҚПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Қызметкерлер қала аумағында рейдтік іс-шаралар жүргізіп, әуежай, темір жол вокзалы, жалдамалы пәтерлер мен ойын -сауық орталықтарына, сауналар мен қожалық фермаларға тексеру жүргізді.

Нәтижесінде, екі күн ішінде жезөкшелікпен айналысуға үй-жай ұсынудың 8 дерегі анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабымен хаттама толтырылды. Сондай-ақ, әкімшілік кодекстің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 48 тұлға жауапқа тартылды. Бұған қоса, 43 азаматша жезөкше есебіне қойылды.

Бүгін, профилактикалық шараның соңғы күні. Десек те, тәртіп сақшылары аталған қылмыспен күрес жұмыстарын одан әрі жандандыра бермек. Полицейлер азаматтарды адам саудасы қылмысының куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден 102 арнасына хабарласуға шақырады.

Бала саудасы. Халықтың әлеуметтік осал тобы бұл жағдайға жиі ұшырайды. Көбісінде жаңа туған жас баланы, адам органын сатумен айналысатындардың басында несиесі барлар. Екіншіден, адам саудасының құрбанына айналуы ақпараттың болмауы, құқықтық сауатсыздық, интернет ықпалы, жеңіл ақша және әдемі өмірді іздеу мен шетелдіктердің заңсыз айла-тәсілінің де ықпалы бар.

Адам саудасына қарсы күрес. Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар адам саудасына байланысты қылмыстың алдын алу және қарсы күрес жөнінде үкіметтік жоспар дайындалып, іске асырылуда. Бүгінде осыған қатысты ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Ведомство мемлекеттік органның және халықаралық ұйымның, үкіметтік емес ұйымдардың диалог алаңы болып табылады.

Адам саудасына қарсы іс-қимылдың бірыңғай жүйесін әзірлеу үшін ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде заң жобасын әзірлеуде.  Заң жобасында адам саудасы құрбанының құқығы мен міндеті, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, халықаралық ынтымақтастық негіздері, адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерін және олардың құзыретін анықтау сынды тағы басқа міндеттер бар.

Аталған қылмыстар үшін қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Back to top button