Шымкент

Шымкенттік полицейлерге психологиялық семинар сабақ пен тренингтік жаттығулар кешені жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында «Стресстің алдын алудағы ең басты құндылық эмоционалдық интеллект» тақырыбында Кадр саясаты басқармасының психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бойынша басқарма басшысының орынбасары полиция полковнигі Екатерина Точилова мен аппарат психологтары полиция капитаны Феруза Аматаева, полиция майоры Жанар Оразбаеваның ұйымдастыруымен семинар-тренинг өтті.

Ерекше форматта өткізілген іс-шараға Полиция департаментінің 200-ден аса тәртіп сақшылары қатысты. Өткізілген тренинг қызметкерлердің шешім қабылдауға, әлеуметтік қарым-қатынас, стреспен күресу қабілетін арттыруға, өзін-өзі басқаруға, ең бастысы отбасылық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталды.

Жалпы эмоционалдық интеллект дегеніміз – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және сол эмоциялық күйге бейімделу және басқару болып табылады. Полиция қызметі ең ауыр және психикалық травмасы жоғары сала түріне жатады. Сол себепті де зейнетке ерте шығару тәсілі қолданылады.

Семинар-тренингте психолог мамандар полиция қызметкерлеріне азаматтармен қарым-қатынас орнату кезінде сыпайылық таныту, өзін қарапайым әрі сабырлы ұстау және кәсіби құзыреттілігін дұрыс пайдалану туралы түсіндірді. Ал ұжым арасында бір-біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру, психологиялық қолдау көрсету, өзара түсіністік дағдыларын қалыптастыруды атап өтті.

Сондай-ақ, ажырасудың алдын алуға, отбасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған тақырыптарда талқыланды. «Отбасылық дағдарыстың алдын алу және отбасылық психотерапия» және «Менің отбасым» ата-аналарға арналған тренинг-жаттығулар кешені туралы жадынамалар таратылды.

Семинар-сабақта арнайы слайд пен бейнематериалдар көрсетіліп, қызметкерлер тарапынан қызу талқыланды. Тәртіп сақшылары жеке пікірлерін ортаға салып, мамандардан психологиялық кеңестер мен бағыт-бағдар алды. Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрініс беруі заңдылықтары туралы ғылым. Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.

Back to top button