Шымкент

Шымкентте патрульдік полицейлер арасында түсіндірме дәрісі мен саптық байқау өтті

Қатардағы сақшылардың білім деңгейін арттыру және олардың қызметке қабілеттілігін пысықтау мақсатында Патрульдік полиция полкінде командирдің міндетін атқарушы полиция майоры Бақытжан Нәбиевтің жетекшілігімен «Integrity check» жобасын түсіндірме дәрісі өтті.

Жиын барысында патрульдерге парасаттылық, қызметке адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет туралы сөз қозғалып, аталған жобаның бүгінгі таңдағы нәтижелерімен нақты мысалдар келтірілді.

Бір сағатқа созылған маңызы зор дәрістен соң, Шымкент ҚПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ермахан Абдрамановтың қатысуымен саптық байқау өтті.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдайларда шұғыл әрекет етіп, адам тағдыры қыл үстінде тұрса құтқару жабдықтарын өз пайдасына жарата білуі қажет. Сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел іс-қимылдарға әрқашан сақадай сай болуы тиіс.

Осы мақсатта үш ауысымдық кезекшілікке түсетін тәртіп сақшыларының қызметтік құрал-жабдықтары мен құжаттары, нысанды киім үлгісі жіті тексеріліп, кемшіліктерді түзету үшін басшы құрамға тиісті тапсырмалар берілді.

Полицейлер тексерулер туралы біле отырып, барлық өтініш берушілерден ықтимал тексерушілерді көріп, өздерінің міндеттерін адал орындайды. Пилоттың басталуымен полиция қызметкерлерінің оларға пара беру әрекеттері туралы хабарлауы да артты.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері, сондай-ақ олардың қызметтік автокөліктері мен үй-жайлары ақпаратты автоматты түрде жедел басқару орталықтарына жіберетін заманауи фиксаторлармен жабдықталған.

– Лауазымды адамға пара бергені үшін айыппұл салуды немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды көздейтін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Полиция қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін атқару кезінде оларға бағынбау мен қарсылық көрсетуге жол берілмейтіні туралы хабарлаймыз. Бопсалау жағдайында ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік қызметіне немесе 1402 сенім телефонына дереу хабарлау қажет, – деп атап өтті.

Back to top button