Шымкент

Шымкент қаласының криминалистері ардагерлермен кездесу өткізді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері криминалистика саласынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.

Аталған кездесуге өз қызметін абыроймен атқарып кеткен Ішкі істер органының ардагерлері, криминалистикалық қызметке еңбек сіңірген зейнеткерлер Ирисбек Мирзамидинов, Сәдуақас Әділбеков, Қуаныш Ахметов, Бекболат Тастанбеков арнайы шақыртылды.

Кездесу барысында Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлері заманауи криминалистикалық техниканы көрсетіп, қылмыс ашу кезінде қолданылатын құралдар мен жұмыс әдістерін, ақпараттық технологияларды қолдану арқасында мүмкін болған криминалистерді оқыту мен біліктілігін арттырудың жаңа әдістері туралы айтып берді.

Өз кезегінде, ардагер полицейлер қызметтік борышын өтеп жүрген шақтарында басынан өткен қызықты оқиғаларын еске алып, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу соңында Шымкент қаласы ПД Жедел криминалистика басқармасының бастығы полиция полковнигі Дәулеткелді Абдраманов қылмыспен күреске қосқан үлесі мен қиын жағдайдағы ауыр еңбегі үшін криминалистикалық қызмет ардагерлеріне алғыс білдірді.

Қоғам тыныштығы мен қылмыстың алдын алудағы маңызды саланың бірі – криминалистика. Өйткені, күдіктіні анықтау мен қылмыстарды ашу, оқиға орнынан алынған заттай дәлелдемелер арқылы мән-жайдың ақ-қарасын ажырату криминалистердің мойнында.

Осы орайда, құқық корғау саласында цифровизациялану қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел қылмыс ашуға арналған көптеген инновациялық құралдар мен технологиялар. Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел-криминалистика қызметкерлерінің пайдалануында автоматтандырылған цифрлы биометрикалық жеке басты анықтау құрылғысы пайдаланылуда. Бұл «Idemia» компаниясы ұсынған автоматтандырылған жеке басты анықтау және қол іздерін анықтауға арналған жұмыс орыны. Бұл кағазбастылықты азайтып дактилоскопиялауды сапалы әрі жылдам болуын камтамасыз етеді. Бұдан бөлек, бұл кұрылғы қылмыскердің қол іздері арқылы қылмыстың ашылуына зор үлесін қосады.

«Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау үшін маман-криминалистер оқиға орындарын қарап-тексеруге жедел-тергеу тобының құрамына қатысады. Оқиға орнында қылмыскер қалдырған іздерді табу, бекіту, алу, олар бойынша криминалистикалық зерттеулер жүргізу, зерттеудің сапасы мен толықтығына байланысты жұмыстарды атқару біздің мамандардың мойнында. -деді басқарма бастығы полиция полковнигі Д.Абдраманов.

Back to top button